«Таңғы бесте тұрады»: Шымкент әкімі қазақ келіншектеріне Қытайдың әжелерін үлгі етті (ВИДЕО)
Ол буыны ауыратын үлкен кісілерге стретчинг жасап тұрыңыздар деп ақыл айтты
Бірнеше күн бұрын Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков Қайнарбұлақ тұрғын үй алқабына барған болатын. Бүгін әлеуметтік желіде сол кездесудің видеосы тарап, кездесуде әкім егде жастағы келіншектерге ақыл үйреткені белгілі болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бейнежазбада көрініп тұрғандай, әкім осы ауданда тұратын екі әйелмен денсаулық туралы сөйлескен.
«Серуендеп, йогамен айналысып тұрсаңыздаршы», - дейді әкім екі келіншекке күлімдей қарап.
Әйелдердің бірі «йога емес, бізге тым болмағанда спорт алаңын жөндеп берсеңізші» дейді.
Бұл өтінішті естімеген күй танытқан әкім екі келіншекке Қытайдың әжелерін үлгі етіп, тағы да ақыл айтты.
«Буындарыңыз ауырса, стретчинг деген жаттығу істеңіздер. Ол денсаулыққа пайдалы екен. Қытайдың әжелері таңғы бесте тұрып, осы жаттығуды істейді», - дейді Сыздықбаев.
Кездесуге қатысқан әйелдердің бірі «қытайдың әйелдері сияқты бір бала тусақ, біздің де денсаулығымыз жақсы болады» деген сыңайлы пікірін білдіреді.