$ 516.93  542.52  4.98
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
10.12.2024, 17:36
Қоғам

Қыйтайдың Temu және Pinduoduo дүкендері Қазақстанда тіркелуі мүмкін

Компаниялар тұтынушы алдында өз өнімі үшін жауапты болады

Қыйтайдың Temu және Pinduoduo дүкендері Қазақстанда тіркелуі мүмкін
Фото: istockphoto.com

Қазпошта Temu және Pinduoduo компанияларымен Қазақстанда тіркелу туралы келіссөз жүргізіп жатыр. Бұл туралы сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Төребаев мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Төребаев қазір Мәжілісте тұтынушылардың құқығын қорғау туралы заң жобасы қарастырылып жатқанын атап өтті.

«Соның аясында біз бүкіл маркетплейсті нарықта өнімін сататын компаниялармен теңестіріп жатырмыз. Яғни, бұл компаниялардың заң бойынша жауапкершілігі пайда болады. Осыған дейін олар бұл маркетплейстің өнімі емес, өндірушінің тауары деп құтылатын. Ал енді біз оларды Қазақстанда филиалын ашып, тіркелуге мәжбүрлейміз. Тұтынушы алдында әрбір өнімі үшін заңға сәйкес жауап беруін талап етеміз», - деді Төребаев Үкіметте өткен брифингте.

Егер маркетплейстер ресми түрде Қазақстанда өкілдігін ашпаса, елге салық бойынша қарыз болады.

Вице-министр қазір Қазпошта Temu мен Pinduoduo компанияларымен Қазақстанда тіркелу туралы келіссөз жүргізіп жатқанын айтты.

Серіктес жаңалықтары