$ 516.93  542.52  4.98
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
10.12.2024, 11:03
Қоғам

Енді депозитте 2 млн теңге жатуы керек: «Наурыз» бағдарламасына өзгеріс енеді

Құрылыс компаниялары дайын үйлерді ұсынады

Енді депозитте 2 млн теңге жатуы керек: «Наурыз» бағдарламасына өзгеріс енеді
Фото: depositphotos.com

Келесі жылы «Наурыз» ипотекалық бағдарламасы бойынша жарна мөлшері 2 млн теңгеге дейін ұлғаяды. Бұл туралы Үкімет отырысында «Отбасы банк» басқарма төрағасы Ләззат Ибрагимова мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Оның айтуынша, 2025 жылы «Наурыз» бағдарламасы бойынша 300 млрд теңге беру жоспарланып отыр. Отбасы банк бағдарламаға талдау жасау арқылы екі мәселені анықтаған.

«Біріншісі – көптеген сатып алушылар тұрғын үйді дайын күйде алуды қалайды. Өйткені жөндеу жұмыстарына шығын көбейіп кетеді. Сондықтан банк тұрғын үй құрылыс компанияларының қауымластығымен бірқатар кездесу өткізді. Олар порталға пәтерлерді дайын күйінде қояды, ал сатып алушылар порталдағы пәтерді 10 пайызды салу арқылы алуға келісім береді. Бұл 2025 жылдың 1 қаңтарынан енгізіледі», - деді Ибрагимова.

Ал екінші мәселе депозиттегі ақшаға қатысты.

«Бағдарламаға қатысу үшін салымшыда депозитте тек 1 млн теңге болу шарт еді. Конкурсты жеңген салымшы аз уақыт ішінде пәтердің 20 пайызын салуы тиіс. Қазіргі жағдай бойынша 2,5 мыңнан астам өтініштің 39 пайызында ғана 20 пайызды құрайтын жарна бар. Сондықтан келесі жылы бағдарламаға қатысушылардың депозитінде 2 млн теңге болуын ұсынамыз. Бұл бағдарламаларды жүзеге асыруды тездетеді», - деді Отбасы банк басшысы.

Серіктес жаңалықтары