Өмір бойына түрмеге жабылғандар «Қара бүркіт» түрмесінде жазасын өтеп жүр
Қазақстанда 200-ге жуық адам өмір бойына бас бостандығынан айырылған. Бұл туралы ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің Azattyq Rýhy ресми сауалына берген жауабында айтылған.
«Төтенше қауіпсіздік мекемесінде өмір бойына бас бостандығынан айыруға сотталған 200-ге жуық адам жазасын өтеп жатыр. Олардың арасында әйелдер жоқ», - делінген жауапта.
Осы колонияда отырғандар негізінен аса ауыр қылмыс, яғни кісі өлтіру, бала зорлау, терроризм үшін өмір бойына сотталған.
Айта кетері, елімізде өмір бойына сотталғандар отыратын жалғыз төтенше қауіпсіздік мекемесі – көпшілік білетін «Қара бүркіт» түрмесі. Колония Қостанай облысында Жітіқара қаласы маңында орналасқан.