Қазақстанда дефолт болмайды – министр

Автор: Темірхан Айжан

Байбазаров Қазақстанда тұрақтылық бар дейді 

Фото: скриншот

Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров Қазақстанда теңге мен инфляцияның құлдырауы аясында ешқандай дефолт болмайтынына сендірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Ешқандай дефолтты күтіп отырған жоқпыз. Бізде тұтастай алғанда, тұрақтылық бар, мемлекеттің тұрақты резерві бар, сондықтан мұнда ешқандай дефолт туралы айтудың қажеті жоқ»,- деді ол.

Еске салсақ, 2 желтоқсан күнгі мәлімет бойынша бір доллардың құны 530 теңгеге жетті.