Облыстың бас полицейі зейнетке шыққан
Қызылорда облысы полиция департаментінің бастығы генерал-майор Махсұдхан Аблазимов қызметінен босатылды. Бұл ақпаратты Azattyq Rýhy тілшісіне облыстық ПД баспасөз қызметі растады.
Махсұдхан Аблазимов зейнет жасына толуына байланысты жылы орнын босатқан. Ол 16 ақпан күні 63 жасқа толады.
Аблазимов Қызылорда облысының полициясын 2023 жылғы мамырдан бері басқарған. Осы қызметке дейін Ақтөбе облысы ішкі істер департаментінің бастығы, Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінің бастығы қызметтерін атқарған.
Айта кетері, Махсұдхан Аблазимов – Қазақстанның бай адамдарының бірі саналатын олигарх Бахаридин Аблазимовтың туған ағасы.