Қазақстандықтар келесі жылдан бастап бұрынғы басшылары туралы жаман пікір жазып кете алады
Ол үшін HR Enbek порталына кіру керек
2025 жылдан бастап HR Enbek порталына тіркелген адамдар бұрынғы басшылары туралы қандай да бір пікір жазып кете алады. Сол сияқты, жұмыс беруші де жұмыстан кеткен адамға қатысты пікір жаза алады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy
Пікірді тек жұмыстан кеткендер ғана емес, әлі жұмыс істеп жүрген адамдар да жаза алады. Және жұмыс беруші де қол астында әлі жұмыс істеп жүрген қызметкер туралы пікірін білдіруге құқылы.
«Адамдар бес жұлдыз деңгейінде баға бере алады немесе өз ойын мәтінмен жаза алады. Ол үшін порталға электронды цифрлы қолтаңба арқылы кіру керек. Сайтта «менің пікірлерім» деген бөлім мен «мен туралы пікірлер» деген бөлім болады. Айта кететіні, қызметкер мен жұмыс беруші сайтта тек бір-бір пікір қалдыра алады», - деп хабарлайды еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі.
Enbek.kz электрондық еңбек биржасының порталындағы бұл пікірлер 2025 жылдан бастап көрінеді.