29.11.2024, 10:35
Қоғам
Қазақстанда жаңа туған ұлдардың саны қыздардан әлдеқайда асып кеткен
Тоғыз ай ішінде 107 үшем дүниеге келген
Фото: freepik
Осы жылдың тоғыз айы ішінде елімізде 280 мыңға жуық сәби дүние есігін ашқан. Жаңа туған нәрестелердің арасында егіздер мен үшемдер де бар. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросының Azattyq Rýhy редакциясының ресми сауалына берген жауабында айтылған.
Статистикаға сүйенсек, былтыр Қазақстанда 388 428 сәби дүниеге келген. Оның ішінде 200 559 – ер бала (51,6%), 187 869 – қыз бала (48,4%).
Биыл да жаңа туған ұлдар саны қыздардан көп болатын сияқты.
«2024 жылғы 9 айдың ішінде 278 698 сәби өмірге келген. Олардың арасында 5756 егіз, 107 үшем бар. Дүние есігін ашқан нәрестелердің 144 015-сі – ұл, 134 683 – қыз бала», - дейді Ұлттық статистика бюросы.
Көп оқылған
18.09.2026, 06:30
Ақтауда барда демалып отырған ер адамға оқ атқан: қылмыскер бес жыл арқалап кетті (ВИДЕО)
18.09.2026, 11:55
«Бәріне ортақ лифтіні меншіктеп алған»: Астанада 78 жастағы қария «Әділет» партиясына жүгініп, мәселесін шешті
18.09.2026, 09:59
Көшеде тұрған бозбаланы атып, өлтіріп кеткен: Түркістанда алты адам ұзақ жылға сотталып кетті
18.09.2026, 11:50
Қазақстан тарихында ең ыстық жаз биыл болды