Тарихшылар Ватиканда екі апта бойы жұмыс істейді
Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Azattyq Rýhy тілшісіне берген сұхбатында Қазақстан тарихына қатысты жақсы жаңалығын бөлісті.
Министрдің айтуынша, осыдан екі күн бұрын Қазақстан тарихшылары Ватиканға барып, сол елдің кітапхана және архив басшыларымен кездескен.
«Қазақстан тарихында тұңғыш рет Ватикан бізге үлкен қолжетімділік беріп отыр. Енді екі мың жылдан астам бұрынғы Ватиканда жиналған, өзіміздің тарихымызға тікелей қатысы бар есептерді, миссионерлік миссиялардың есептерін, иезуит, доминикан есептерін бізге зерттеуге мүмкіндік бар. Қазір біздің бір топ ғалымымыз шығыстану институтының жетекшілігімен Ватиканда екі аптайда тұңғыш ізденіс жұмыстарын бастайды», - дейді Саясат Нұрбек Мәжіліс кулуарында.
Осыған дейін ол Azattyq Rýhy тілшісіне берген эксклюзив сұхбатында Қазақстан тарихы Ресей тарихшыларының көзқарасымен жазылмайтынын мәлімдеген.