$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Оларға қарағанда Құдайға хабарласу оңай сияқты»: депутат мұнай компаниясының басшылығына шүйлікті

Ол ұлттық компания басшылығымен телефон соғып, сөйлесу мүмкін емес дейді  

«Оларға қарағанда Құдайға хабарласу оңай сияқты»: депутат мұнай компаниясының басшылығына шүйлікті
Фото: AMANAT партиясының баспасөз қызметі

Мәжіліс депутаты, AMANAT фракциясының мүшесі Ерлан Саиров Мәжілістегі үкімет сағатында ұлттық компанияның басшыларын сынады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Мұнайдың дәуірі аяқталуға жақын. «Жаңа Қазақстан келгеннен бері мұнайдың қызығын кім көріп отыр?» деген сұрақ әлі күнге дейін елді мазалайды. Мысалы, «Қаражанбасмұнай» АҚ компаниясы бар. Одан «Каспий Шиппинг» деген қазақстандық компания тендер жеңіп алған. Оның орнында бұрын «Еуразия» деген Қазақстанның олигархтарына тиесілі компания болған. Енді «Қаражанбасмұнай» 3 ай бойы («Каспий Шиппингті») өз жұмысына кіргізбей жүр. Дәл қазір елімізде осындай жағдай болып жатыр. Осында отырған «Қазмұнайгаз» АҚ басшысына телефон соғып, сөйлесу мүмкін емес. Меніңше, осы жерде отырған адамға хабарласқаннан, Құдайға хабарласу оңай сияқты», - дейді Ерлан Саиров.

Депутат атағандай, қазір Қазақстанда осындай мәселе болып жатыр.

«Сонда жаңа Қазақстан кім үшін деген сұрақ туады?», - деді ол.

 

 

Серіктес жаңалықтары