$ 526.5  611.64  6.72
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
23.11.2024, 07:30
Қоғам

Қостанайда пошта қызметкері алаяқтық жасап, зейнеткерлердің атына несие рәсімдеген

Материалдық шығын 2,3 млн теңгеден асқан

Қостанайда пошта қызметкері алаяқтық жасап, зейнеткерлердің атына несие рәсімдеген
Фото: Azattyq Rýhy/Әсет Құндақбаев

Қостанай ауданында полицейлер зейнеткерлерді алдап, олардың атына кредиттер мен шағын несиелер рәсімдеген пошта тасушының алаяқтық әрекетін әшкереледі, деп хабарлайды Azattyq Rýhy облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.

Қаскүнем олардың сенімін пайдалана отырып, оңай жолмен пайда тапқысы келген.

Күдікті зейнеткерлерден хатты алғанын растау үшін, сондай-ақ зейнетақы жинақтарын алу тәртібін жеңілдету деген желеумен суретке түсу керек деп, өзінің алаяқтық схемасын іске асырып отырған.

Содан кейін мобильді қосымшалардың көмегімен алаяқ жәбірленушілердің атынан кредит пен шағын несиелер рәсімдеген.

«Оның қылмыстық әрекеттерінің нәтижесінде Қостанай ауданының бес зейнеткері алаяқтықтың құрбаны болды. Мәселен, екі зардап шегушінің әрқайсысына 1 млн теңгеден кредит, ал қалғандарының атынан шағын несие рәсімдеген. Жалпы материалдық шығын 2,3 млн теңгеден асты. Алаяқтықтың бірнеше эпизодтары бойынша қылмыстық іс қозғалды», - делінген хабарламада.

Полицейлер сотқа дейінгі тергеу жүргізіп, істі сотқа жіберді.

Мұндай қылмыс үшін заңда үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу немесе мүлкі тәркіленіп, сол мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген.

Серіктес жаңалықтары