$ 511.18  530.6  5.28
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
21.11.2024, 15:15
Қоғам

«Шектеусіз үміт»: Шымкенттегі бес баланың тағдыры туралы фильм АҚШ-та бас жүлде алды

Бұл бес бала өкінішке қарай церебральды сал ауруына шалдыққан  

«Шектеусіз үміт»: Шымкенттегі бес баланың тағдыры туралы фильм АҚШ-та бас жүлде алды
Фото: freepik.com

Шымкент қаласында церебральды сал ауруына шалдыққан бес баланың тағдыры туралы деректі фильм Америкадағы қысқаметражды деректі фильмдер  фестивалінде екі номинация бойынша бас жүлде жеңіп алды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Номинацияның бірі – «Мүгедек балалардың проблемасын қозғаған ең үздік фильм» деп аталады. Фильм Шымкент қаласында тұратын мүмкіндігі шектеулі бес баланың басында қандай қиындықтар бар екенін, олардың жақсы өмірге деген үміттері шексіз екенін көрсетеді.

«Шектеусіз өмір» деп аталатын фильмді продюсер Данияр Валилулла мен режиссер Марат Телеуов түсірген.

Продюсер Данияр Валиулланың айтуынша, фильмнің негізгі идеясы – мүмкіндігі шектеулі балалардың шексіз армандарын көрсету. Яғни, авторлардың пікірінше, денсаулығындағы кінәратына қарамастан әрбір бала қоғамның толыққанды бір мүшесі болғысы келеді. Олар адамдардың аяушылығына мұқтаж емес, олардың бар арманы – қоғам ондай балаларды алаламай, теңдік танытқаны.

Серіктес жаңалықтары