Дереккөзге сүйенсек, Қанат Қуанышбеков ақшаны 22 қараша күні қайтарып береді
Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасының Жамбыл облыстық өкілдігі Тараз қаласы маңындағы Жамбыл ауданы, Танта ауылдық «Танта баба» мешітінің имамы Қанат Қуанышбековке қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Айта кетейік, бірнеше сағат бұрын біз бұл имам Умраға барғысы келген ерлі-зайыпты қариялардың 3000 долларын алып, бес айдан бері бермей жүргенін жазған едік. Бұл мәселеге қатысты мүфтияттың пікірін бірден сұратқанбыз.
«Айта кететін мәселе Қ.Қуанышбеков Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы қызметкерінің этикасын өрескел бұзып, үлкен қателік жасаған. Қ.Қуанышбеков ақсақалдан Умра сапарына жіберу үшін алған 3000 доллар ақшасын 22.11.2024 күні қайтарып береді. Алдағы уақытта Жамбыл ауданы, Танта ауылдық «Танта баба» мешітінің имамы Қуанышбековке қатаң тәртіптік шара қолданылады», - деп хабарлады мүфтияттың өкілдігі.
ҚМДБ-ның Жамбыл облыстық «Һибатулла Тарази» мешіті өкілдігі қариялардан кешірім сұрап, мәселені бақылауда ұстайтынын айтып, уәде етті.