$ 495.2  522.34  4.94
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Ауыл аманаты»: биыл Қызылорда облысында 575 жоба жүзеге асырылды

610 жаңа жұмыс орны ашылған

«Ауыл аманаты»: биыл Қызылорда облысында 575 жоба жүзеге асырылды
Фото: ОКҚ

Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде жасаған баяндамасында Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев аймақта «AMANAT» партиясының «Ауыл аманаты» жобасы қалай жүзеге асырылып жатқанын айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Облыс басшысы ауылдардың мамандануын ескере келе, несие қаржысы 4 бағытқа бөлініп, 2023 жылы 3 миллиард теңгеге 406 жоба іске қосылып, 713 жұмыс орны ашылғанын айтты.

«Биыл 4 миллиард 596 миллион теңгеге 575 жобаны жүзеге асырып, 610 жаңа жұмыс орнын ашу жұмысы жүріп жатыр. Бүгінгі күні 1 миллиард теңгеге 150 жоба қаржыландырылды», - деді Нәлібаев.

Сырдария ауданының «Бесарық» ауылындағы «Абай Дәулет» ЖШС құрған өндірістік алаңда тұрғындардың 13 бизнес-бастамасы іске асырылып жатыр.

Мұнда жартылай фабрикат, пластикалық ыдыстар, ағаш бұйымдар, тоқыма, сабын, кондитерлік өнімдер өндіретін цехтар ашылды. Озық тәжірибені кеңінен тарату үшін облыстың әр ауданындағы 3-4 ауылда осындай бизнес-инкубаторлар ашу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

«Kaz Fries» зауытының қуаты сағатына 150 келіге дейін қуырылған картоп таяқшаларын өндіруге жетеді, дайын өнім мұздатылып, ішкі нарықта сатылады. Өсімдік, құс, мал шаруашылықтарымен, құрылыс тауарларын шығарумен айналысатын көпсалалы компанияның өндірістік қуатын одан әрі кеңейту жоспары бар. Дәл осындай жобаны облыстың барлық ауданында жүргізу көзделіп отыр», - дейді ол.

Серіктес жаңалықтары