Қазақстанда орташа зейнетақы қандай мөлшерде?
Жақыпова болашақта зейнетақы сомасы лайықты болуы үшін министрліктің тиісті жұмыс орындарын құрумен айналысып жатқанын атап өтті
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова қандай жағдайда зейнеткерлер армандағандай өмір сүре алатынын айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Бүгінде жинақтаушы зейнетақы төлемін есепке алмағанда орташа зейнетақы - 131 мың теңге, жинақтаушы зейнетақы төлемін қосқанда 162 мың теңгеге тең. Өздеріңіз білесіздер, Қазақстанда жинақтаушы зейнетақы жүйесі 1998 жылдан бастап енгізілді. Қазіргі зейнеткерлердің айтарлықтай еңбек өтілі болғанымен, жинақтаушы зейнетақы өтілі жеткіліксіз. Зейнетке уақытынан ерте шығу үшін 25 жыл жұмыс өтілі мен зейнетақы жарнасы болуы керек. Сол кезде адам қартайған шағын өз ойындағыдай өткізе алады», - деді ол.
Жақыпова болашақта зейнетақы сомасы лайықты болуы үшін министрліктің тиісті жұмыс орындарын құрумен айналысып жатқанын атап өтті. Айтуынша, 2030 жылға дейін 3 миллион 800 мың жұмыс орны ашылады.
«Ол журналистің «Қазіргі орташа зейнетақы мөлшері зейнеткерлердің жайлы өмір сүруіне жетеді деп ойлайсыз ба?» деген сұрағына «Сізге орташа зейнетақының қанша екенін айттым, басқа қосарым жоқ», - деп қысқа қайырды ол.