$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
16.05.2020, 17:27
Қоғам

Германияда туризм саласы ауыр дағдарысқа ұшырады

Германияда 11 мың туристтік компания тіркелген

Германияда туризм саласы ауыр дағдарысқа ұшырады

Еуроодақтың жалпы ішкі өнімінде туризм үлесі 10% құрайды, деп хабарлайды «Хабар 24». Бірақ коронавирус індетінен туристік компаниялардың жұмысы тұралады. Мәселен, Германияда кәсіпкерлер шығынға батып, жұмыс орындары қысқаруда. Германияның шекарасы жабық, мейманханаларға қонақ қабылдауға әлі рұқсат берілмеді. Таяуда 40 қалада туризм саласының өкілдері наразылық шарасын ұйымдастырып, үкіметтен көмек сұрады.  Шектеулерден шағын компаниялар ғана емес, алпауыт бизнестер де шығынға батты. Мысалы, саяхат кемелері, қонақ үйлер мен ұшақтары бар Германияның ең ірі туристтік концерні – «TUI» әлем бойынша 8 мың қызметкерін қысқартатынын жариялады. 

«Компаниямыз індеттен зардап шекті. Наурыз айының ортасында кәсібімізді тоқтатуға мәжбүр болдық, өйткені шекаралар жабылды. Германияға келетін болсақ, келесі аптада мейманханалардың ашылуын күтеміз. Сонда біз қонақтарымызды Балтық теңізі жағалауында және Баварияда жайғастыра аламыз. Тұтынушыларымыз шектеу шараларының жеңілдетілуін асыға күтіп отырғанын байқадық, күн сайын тапсырыстар саны артып келеді. Екі ай жұмыссыз отырғандықтан, қатты қиналып кеттік»,- дейді «TUI» компаниясының атқарушы директоры, Марек Андричак.

Жалпы, Германияда 11 мың туристтік компания тіркелген. Бұл салада миллиондаған адам жұмыс істейді. Қанша фирма дағдарыстан аман шығатыны белгісіз. Сондай-ақ әуе тасымалдаушылар мен круиз ұйымдастырушылары да дабыл қағып отыр. Олардың табысы 80% азайды.

«Қазір әуежайымызда жолаушылар легі 3% дейін төмендеді. Әдетте күніне 200 мың жолаушы өтетін. Ал қазір 5 пен 8 мың аралығында. Жағдайымыз қаншалықты ауыр екенін осыдан білуге болады», - дейді  Майндағы Франкфурт әуежайының өкілі Александр Лаукенманн.

 Германия үкіметі эпидемиологиялық ахуал тұрақталса, 15-маусымда көрші Австрия, Швейцария және Франциямен шекараларын ашуды жоспарлап отыр. Туроператорлар немістер демалуды ұнататын өзге де бағыттар ашылып, жұмысын толық қалпына келтіруге үмітті. 

Серіктес жаңалықтары