Полиция департаменті түсініктеме берді
Ақтау қаласында болған оқиға тұрғын үйдің бақылау камерасына түсіп қалған. Видеода ер адамның қызға жақындап, оны ішінен қатты ұрып жібергені және оқиға орнынан кетіп қалғаны көрінеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Lada.kz-ке сілтеме жасап.
Қыз құлап, қайта тұра алмай қалады. Біраз уақыттан кейін үй тұрғындарының бірі мен сол ер адам қызды тұрғызуға тырысқан.
Осы жағдай бойынша аймақтың полиция департаменті түсініктеме берді.
«Оқиғаға қатысты ешқандай арыз немесе өтініш түскен жоқ», – деп хабарлады ведомство өкілдері.