$ 516.93  542.52  4.98
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
01.11.2024, 16:50
Қоғам

Қонаевта сот отырысы кезінде судьяны жемқор деп атаған ер адам түрмеден бір-ақ шықты

Сот процесінің қатысушысы бес тәулікке қамалды

Қонаевта сот отырысы кезінде судьяны жемқор деп атаған ер адам түрмеден бір-ақ шықты
Фото: © istockphoto.com

Қонаев қаласында азаматтық істі қарау кезінде сотқа құрмет көрсетпегені үшін жауапкер әкімшілік жауапқа тартылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Алматы облысы соттарының баспасөз қызметі мәлімдегендей, Қ. есімді азамат жер учаскесін босату (заңсыз құрылыстарды сүру) туралы азаматтық іс бойынша жауапкер болған. Көшпелі сот отырысы кезінде ер адам судьяны арыз берушінің мүддесін қорғап отыр деп айыптап, оны жемқор деп атаған. Судья бірнеше рет ескерту жасаса да, жауапкер дауыс көтеріп, сот отырысын өткізуге кедергі келтірген. Осыған байланысты оған қатысты Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 653-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

Алайда сотта құқықбұзушы өз кінәсін мойындамаған және ескертумен ғана шектелуді сұраған.

«Құқықбұзушылық фактісі тиісті хаттамамен, бейнежазбамен және басқа да дәлелдермен расталды. Құқықбұзушы кінәлі деп танылып, оған 5 тәулікке қамауға алу жазасы берілді», - делінген хабарламада.

Әзірге сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.

Серіктес жаңалықтары