Келесі жылы мүгедекті тағайындау жеңілдейді – Жақыпова
Дене мүшелерінен айырылғандарға мерзімсіз мүгедектік беріледі
2025 жылдан бастап елімізде мүгедекті растау жеңілдейді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Аяғынан, қолынан айырылған азаматтардың отасы өткен күннен кейін оларға мүгедекті автоматты түрде мерзімсіз уақытқа тағайындаймыз. Яғни ол жеңілдейді. Оған қоса балаларға туған кезден бастап қойылған кейбір диагноздарына (мысалы, Даун синдромы) сол күннен бастап мерзімсіз уақытқа растау құжатын береміз», - деді министр.
Жақыпова қазіргі күні министрлік осындай 6 диагноз бойынша жұмысты бастағанын айтты.
Бұл шешімді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесе әзірлеп жатыр.
«Енді осындай проблемасы бар шалғайда тұратын азаматтарымыздың мәселесі шешімін табады», - деді министр.