$ 514.65  544.6  5.17
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Кәмелетке толмаған қыз баланы зорлаған: Павлодарда ер адам 20 жылға сотталды

Сот отырысы жабық өткен

Кәмелетке толмаған қыз баланы зорлаған: Павлодарда ер адам 20 жылға сотталды
Фото: istockphoto.com

Бүгін Павлодар облысы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында А-ға қатысты кәмелетке толмаған адамды зорлау және жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық жасау фактілері бойынша қылмыстық іс қаралды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Сотта прокурор А.-ны 20 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Сотталушы кінәсін толық мойындап, жасаған әрекетіне өкінетінін айтқан. Ол денсаулық жағдайын алға тартып, жазаны өтеуді кейінге қалдыруды сұраған. Сот оның өтінішін қанағаттандырған жоқ.

«Істің мән-жайын және А-ның жеке басын ескере отырып, оған түпкілікті 20 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сондай-ақ А. өмір бойына педагогикалық және кәмелетке толмаған балалармен жұмыс істеуге байланысты лауазымдарды атқару құқығынан айырылды», - делінген соттың хабарламасында.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Серіктес жаңалықтары