Павлодар облысында құны 100 миллион теңгеден асатын вейптер тәркіленді

Автор: Azattyq Rýhy

Заңсыз саудамен айналысқан 5 азамат ұсталды

Видеодан алынған кадр

Павлодар облысы Полиция департаментінің жедел қызметкерлері облыс прокуратураның үйлестіруімен жалпы құны 100 миллион теңгеден асатын қауіпті электрондық темекі, темекі қоспалары мен сұйықтықтарды таратудың заңсыз арнасын анықтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.

Қойма ретінде жабдықталған жертөледе жедел қызметкерлер мың мыңнан аса электронды темекі құрылғыларын, 1 миллион теңгеден астам қолма-қол ақша қаражатын, бухгалтерлік құжаттаманы, жазбаларды және дәлелді маңызы бар басқа заттарды тапты.

Заңсыз қызметі үшін 5 азамат ұсталды, олар топта әрекет ете отырып, интернет-ресурстар арқылы Павлодар аумағында электрондық темекі мен құрамында никотин бар өнімдерді өткізуді ұйымдастырған.

«Темекіге жатпайтын темекі бұйымдарының, электрондық тұтыну жүйелерінің (вейптердің), хош иістендіргіштер мен сұйықтықтардың айналымы фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде», - деп хабарлады Павлодар облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Тимур Қаржаубаев.