«Жүргізуші куәлігін алып беремін»: Түркістан облысында алаяқтық жасаған ер адамның ісі әшкере болды

Azattyq Rýhy

Тәртіп сақшылары күдіктінің бұдан басқа да дәл осындай алаяқтықтың 2 фактісіне қатыстылығын анықтады

«Жүргізуші куәлігін алып беремін»: Түркістан облысында алаяқтық жасаған ер адамның ісі әшкере болды
Фотоколлаж: Azattyq Rýhy/Әбілқасым Есентаев

Түркістан облысы Сайрам аудандық полиция басқармасының қызметкерлері алаяқтыққа қатысты қылмыстық құқық бұзушылықты жасаған ер адамды ұстады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Белгілі болғандай, жұмыссыз күдікті ер адам танысына «жүргізуші куәлігін алып беремін» деп жалған уәде берген. Жәбірленушіден алдын ала 200 мың теңге ақшасын алып, алдап келген. Ал ақшаны жеке басының пайдасына жаратқан.

«Тәртіп сақшылары күдіктінің бұдан басқа да дәл осындай алаяқтықтың 2 фактісіне қатыстылығын анықтады. Келтірілген шығын көлемі 600 мың теңгеден астам. Қазіргі таңда ер адамға қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде», - делінген Түркістан облысы ПД баспасөз қызметінің хабарламасында.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.