«Алтын орда» базарын рейдерлік жаулау: бас прокурордың орынбасары тергеу нәтижесін айтты

Автор: Аягөз Құрмаш

Ол рейдерлік жаулап алу бойынша тергеу жүргізілгенін айтты

Фото: «Алтын орда» instagram парақшасынан

Бас прокурордың орынбасары Ғалымжан Қойгелдиев Алматы қаласы бойынша экономикалық тергеу департаменті «Алтын орда» базарын жаулап алды деген ақпаратқа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy 

«Тelegram арнадан ондай айыптауларды көрдім. «Алтын орда» базарын рейдерлік жаулап алу бойынша тергеу жүргізілді. Тергеу барысында экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері тарапынан жаулап алу фактілері расталмады», - деді Қойгелдиев.

Осыған дейін базар Болат Назарбаевтың иелігінен алынған соң экономикалық тергеу департаментінің қолына өтті деген ақпарат тараған еді. Мәжіліс депутаты Абзал Құспан департамент қызметкерлеріне базар әділ жолмен берілмегенін айтқан.

Бас прокурордың орынбасары Абзал Құспанның ақпаратына қатысты да пікір айтты.

«Мен тек тергеу нәтижесінде болған ақпаратты айтып отырмын», - деді ол.