$ 514.65  544.6  5.17
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
29.10.2024, 02:00
Қоғам

Батыс Қазақстанда алимент төлеуден жалтарған ер адам сотталды

Оған 1 жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды

Батыс Қазақстанда алимент төлеуден жалтарған ер адам сотталды
Фото: depositphotos.com

Батыс Қазақстан облысында алимент төлеуден жалтарған ер адам сотталды. Бұл туралы БҚО прокуратурасынан мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Батыс Қазақстан облысы кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен Бәйтерек ауданының тұрғыны кінәлі деп танылып, оған 1 жылға бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалды. 

Бәйтерек ауданы прокуратурасының ұстанымы ескеріліп, ҚР Қылмыстық кодексінің 139-бабымен (балаларын күтіп-бағуға арналған қаражатты төлеу жөніндегі міндеттерді орындамау, еңбекке қабілетсіз ата-аналарын, еңбекке қабілетсіз жұбайын (зайыбын) күтіп-бағуға арналған қаражатты төлеуден жалтару) көзделген қылмыс жасағаны үшін сотталушының кінәсі толық дәлелденді. 

БҚО прокуратурасынан мәлім еткендей, 2021 жылдан бастап борышкердің алимент төлеу бойынша баласына 2 млн 787,838 мың теңге көлемінде берешегі бар. Бұрын әкімшілік жауапкершілікке тартылғанымен, бірнеше жыл бойы өз міндеттерін қасақана орындамаған. 

Үкім заңды күшіне енді.

Серіктес жаңалықтары