$ 510.78  576.06  6.35
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
15.05.2020, 12:38
Қоғам

Ірі кәсіпорындар экологияға келтірген зиянын жасырып отыр – министрлік

Экологиялық кодекс тағдыры 

Ірі кәсіпорындар экологияға келтірген зиянын жасырып отыр – министрлік

Қазақстанның жаңа Экологиялық кодексі жобасы кәсіпорындарға ауаға шығаратын лас қалдықтарын автоматтық режимде мониторинг жасап отыруға міндеттейді. Бірақ өнеркәсіп орындарының арнайы «датчиктері» болса да, экологияға келтіретін залалдары туралы ақпаратты жасырады.

«Ең көп талқыланатын норманың бірі автоматттық мониторингілеу жүйесін енгізу, яғни ауаға шығатын қалдықтарды шынайы уақыт режиміндегі бақылау. Бұл жерде оны экологтардың ғана «қалауы» емес, уақыттың талабы екенін айту керек.  Қазіргі қолданыстағы үйреншікті тексерулерден бас тартуымыз қажет. Қажетті датчиктер ірі кəсіпорындарда бар, мəселе олардың бұл деректерді ашудан үзілді-кесілді бас тартуында болып отыр», - деді бұл туралы Экология, геология жəне табиғи ресурстар министрінің орынбасары Ахметжан Пірімқұлов бүгінгі брифингте.

Министрлік Экологиялық кодекс нормаларды қатаңдату арқылы кей кәсіпорындарды жабуды мақсат етіп отырмағандарын тағы да қайталады.

«Біздің мақсатымыз біздің қалаларымызда тұру үшін қолайлы орта құру болып. Кәсіпорындар неғұрлым ашық болуға және уәкілетті органға және халыққа халықтың өмір сүру сапасын жақсарту үшін салмақты шешімдер қабылдауға мүмкіндік беретін толық және дұрыс ақпарат беруге тиіс», - дейді бұл жайында вице-министр.

Абай Сейфулла, Нұр-Сұлтан

Серіктес жаңалықтары