Талғар түрмесінен қашып кеткен күдікті ұсталды

Azattyq Rýhy

Ол қайтадан уақытша ұстау изоляторына қамалды

Талғар түрмесінен қашып кеткен күдікті ұсталды
Фото: Алматы облысы ПД

Жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде 21 қазанда уақытша ұстау изоляторынан қашқан күдікті К. Тереңқара ауылының шетінде ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.

Іздестіру жұмыстары басталған сәттен бастап полицияның барлық күштері жұмылдырылды, сондай-ақ іздеу шараларына қоғамдық көмекшілер, еріктілер мен облыс тұрғындары тарапынан құрылған ерікті жасақтар белсенді түрде атсалысты.

«Күдікті қайтадан уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оған жасалған негізгі қылмысқа қосымша қамаудан қашқаны үшін айып тағылады. Полиция іздеу шараларына қолдау көрсеткен барлық азаматтарға алғыс білдіреді», - делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, 26 жастағы күдікті 21-қазан күні қашып кеткен еді. Ол қамалғанға дейін Тереңқара ауылында тұрған. Ер адам зорлық жасады деген күдікпен ұсталған еді.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.