Жыл басынан бері мұндай төлем 30,5 мың адамға берілген
Елімізде жұмысынан айрылған азаматтар Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төлем ала алады. Жыл басынан бері аталған төлем 30,5 мың адамға тағайындалса, тек сәуір айының өзінде олардың саны 3,2 мыңға жеткен. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
«Қолданыстағы заңнамаға сәйкес жұмыстан босатылған қызметкерлер міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтіліне және соңғы 24 айдағы табысына байланысты 1 айдан 6 айға дейін жұмысынан айрылуы бойынша әлеуметтік төлемдер алады. Төлем жоғалған кірістің 40%-ына дейінгі мөлшерінде МӘСҚ қаражаты есебінен жүзеге асырылады», - делінген ведомство таратқан хабарламада.
Жұмыстан босатылған қызметкер МӘСҚ-тен төлем алу үшін төмендегі нұсқаулық бойынша әрекет ету керек:
«Естеріңізге сала кетейік, МӘСҚ қаражаты есебінен жұмысынан айрылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлем жұмыстан шығу себептеріне қарамастан жүзеге асырылады және жұмыссыз адамды ол жұмыс іздеген кезеңде қолдауға арналған», - деді министрлік өкілдері.