22.10.2024, 11:36
Қоғам
«Ерекше өмір сүріп жатырмын деп қуансам»: Ерке Есмахан өзінен 41 жас кіші адамға тұрмысқа шыққан әншіге тамсанды
Ол өзін ерекше өмір сүріп жатқанына қуанатынын жеткізді
Фото: видеодан скриншот
Әнші Ерке Есмахан 78 жастағы америкалық Шерилин Саркисянға тамсанатынын жеткізді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Жасы 78-де екен. Бірақ маған жас көрінетіні емес, ішкі жағдайы ұнайды. Жас көріну, көрінбеу маңызды емес. Бастысы лап-лап етіп тұрғаны ғой. Қасындағы жігіті 37-де. Мен өзімді ерекше өмір сүріп жатырмын деп жүрсем. Жақында «Victoria’s Secret» көрсетілімінде болған. Қыздарға емес, осы Шерге қарайсың. Энергетика деген осы шығар», - деп жазды әнші.

Айта кетейік, 2023 жылы 38 жастағы қазақстандық әнші Ерке Есмахан мен Raim сахналық есімімен танымал 26 жастағы орындаушы Райымбек Бақтыгереев некелерін қиды. Олардың жас айырмашылығы – 12 жас.
Көп оқылған
11.11.2026, 14:42
«Осылай қартайып өтпекпіз бе?»: АҚШ-қа көшкен өскемендік ата мен әжей жаңа өмірі туралы сыр шертті (ВИДЕО)
11.11.2026, 08:34
Астанада екі оқушы қыздың өліміне қатысты жаңа деректер шықты
11.11.2026, 07:21
Аяз, қар, жаңбыр: алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы жарияланды
11.11.2026, 15:55
«Директордың күйеуі балаларды құшақтап, ұйықтатады екен»: Астанадағы жекеменшік балабақшадан дау шықты
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды