Экономика өсіп жатыр, ал қазақстандықтардың жалақысы неліктен көбеймейді?

Автор: Нұргүл Абай

Тәкиев жалақыны көтереміз деп сендірді

Фото: istockphoto.com

Үкіметте өткен брифингте БАҚ өкілдері Қаржы министрі Мәди Тәкиевтен ел экономикасымен бірге қазақстандықтардың жалақысы неліктен өспейтінін сұрады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Министрдің айтуынша, бұл экономиканың құрылымына байланысты.

«Қазақстанда 150-300 мың теңгеге дейін жалақы алатын адамдардың үлесі – 35 пайыз, 300-600 мың теңгеге дейін алатындар – 36 пайыз. Ары қарай азаяды. Қазіргі уақытта экономиканың құрылымының өзі сондай», - деді Тәкиев.

Ол қазір жалақыны көтеру мәселесін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі қарап жатқанын атап өтті.

«Жалпы біз азаматтық қызметкерлерге көп көмек беріп жатырмыз. Екі-үш жыл ішінде мұғалімдер мен дәрігерлердің айлығы екі есе көбейді. Тағы көбейеді деп сенеміз. Ең төменгі жалақы 85 мың теңге болды. Оны да қазір әлеуметтік саладағы министрлік қарастырып жатыр, көтерілетін шығар. Сондықтан біз жалпы жалақыны көтереміз», - деді ведомство басшысы.