14.10.2024, 11:49
Қоғам
«Жалақысы кедейлік шегінен аспайды»: Аймағамбетов айлығы төмен мамандық иелерін атады
Ол мемлекеттік секторда жалақы аз дейді
Фото: parlam.kz
Мәжіліс депутаты, «AMANAT» фракциясының мүшесі Асхат Аймағамбетов Мәжілістегі үкімет сағатында мемлекеттік сектордағы жалақысы төмен қызметкерлердің мәселесін көтерді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Тағы бір алаңдайтын мәселе бар. Әлеумет танушылардың айтуынша, Қазақстанда жұмыс істейтін кедейлер феномені белең алаң алып жатыр. Ол дегеніміз толық жұмыс күні істесе де, жалақысы кедейлік шегінен аса алмайтын адамдар. Әсіресе, бұл мемлекеттік секторға қатысты. Олар – кітапханашылар, бухгалтерлер, техникалық қызметкерлер және т.б. Олар толық жұмыс күнінде еңбек еткенмен, алатын жалақысы бойынша кедейлік шегінде тұр. Бұл да өте қауіпті жағдай болып тұр», - дейді Аймағамбетов.
Көп оқылған
11.11.2026, 14:42
«Осылай қартайып өтпекпіз бе?»: АҚШ-қа көшкен өскемендік ата мен әжей жаңа өмірі туралы сыр шертті (ВИДЕО)
11.11.2026, 08:34
Астанада екі оқушы қыздың өліміне қатысты жаңа деректер шықты
11.11.2026, 07:21
Аяз, қар, жаңбыр: алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы жарияланды
11.11.2026, 15:55
«Директордың күйеуі балаларды құшақтап, ұйықтатады екен»: Астанадағы жекеменшік балабақшадан дау шықты