$ 514.65  544.6  5.17
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Елімізде Telegram-ның кеңсесі ашылады

Министр Мәдиев тағы басқа да қосымшалардың өкілдері тағайындалатынын айтты 

Елімізде Telegram-ның кеңсесі ашылады
Фотоколлаж: Azattyq Rýhy / Әбілқасым Есентаев

Қазақстанда Telegram-ның кеңсесі ашылып, өкілі сайланбақ. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Министрдің сөзінше, енді WhatsApp және TikTok сияқты интернет-платформалар да елімізде өз өкілін тағайындайды.

«Біз сондай-ақ Telegram платформасымен заңсыз контентті жедел жою және деструктивті арналарды бұғаттау бойынша белсенді түрде ынтымақтастық орнатып жатырмыз. Біздің заңнамаға сәйкес, енді Telegram, WhatsApp және TikTok сияқты интернет-платформалар Қазақстанда өз өкілін тағайындауға міндетті. Telegram-мен олардың өкілін тағайындау және кеңсе ашу туралы келісімге қол жеткізілді — бұл контентті бақылауды арттыруға бағытталған маңызды қадам», — деді Жаслан Мәдиев.

Еске салсақ, таяуда депутат Мұрат Әбенов Telegram қосымшасынан қауіптенетінін айтқан.

Серіктес жаңалықтары