13.05.2020, 23:55
Қоғам
ҰБТ-да телефонмен ұсталғандар бір жылға дейін тест тапсыра алмайды - Дидар Смағұлов
Бұл туралы Ұлттық тестілеу орталығының директоры мәлімдеді
Фото: ашық дереккөзден
Биылдан бастап ҰБТ-ға қатысушы түлек ұялы телефонмен ұсталған жағдайда, бір жылға дейін тест тапсыру құқығынан айырылады. Бұл туралы «Qazaqstan» телеарасының «Ашық алаң» бағдарламасында Ұлттық тестілеу орталығының директоры Дидар Смағұлов мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
«Жаңа ережеге сәйкес, егер ҰБТ-ға қатысушы телефонмен немесе басқа да құрылғылармен ұсталып, ереже бұзса, ол жылдың аяғына дейін тест тапсыру құқығынан айырылады. Яғни, бір жыл бойы тестіге қатыстырылмайды», - деді Дидар Смағұлов.
Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін ҰБТ-ға өтініш қабылдау аяқталғанын хабарлаған едік. Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысуға 131 471 адам ниет білдірген.
Көп оқылған
11.11.2026, 14:42
«Осылай қартайып өтпекпіз бе?»: АҚШ-қа көшкен өскемендік ата мен әжей жаңа өмірі туралы сыр шертті (ВИДЕО)
11.11.2026, 08:34
Астанада екі оқушы қыздың өліміне қатысты жаңа деректер шықты
11.11.2026, 07:21
Аяз, қар, жаңбыр: алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы жарияланды
11.11.2026, 15:55
«Директордың күйеуі балаларды құшақтап, ұйықтатады екен»: Астанадағы жекеменшік балабақшадан дау шықты