$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
13.05.2020, 21:57
Қоғам

Ұялы байланыс операторлары төлем толық бір айға жасалатын тариф құруға міндеттелді

Министрлік ұялы байланыс қызметтерін көрсету қағидаларын өзгертті

Ұялы байланыс операторлары төлем толық бір айға жасалатын тариф құруға міндеттелді
Фото: ашық дереккөзден

Ұялы байланыс операторларына төлем толық бір күнтізбелік айға жасалатын тарифтік жоспар құру міндеттелді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне сілтеме жасап. 

«Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі ұялы байланыс қызметтерін көрсету қағидаларын өзгертті. Енді мобильді операторлар абоненттерге өзге тарифтік жоспарлармен қатар, төлем бір күнтізбелік айға жасалатын тарифтік жоспарды да ұсынуы тиіс. Өзгертулердің арқасында абоненттер тарифтік жоспарлардың ішінен өзіне қажетін таңдай отырып, оны толық бір ай пайдалана алады. Мысалы, егер абонент тарифтік жоспарға айдың соңғы күні қосылса оның жеке шотынан байланыс қызметі үшін төлем келесі айдың соңғы күні шегеріледі. Сонымен қатар, аталған тарифтік жоспардағы қызметтер көлемі аяқталғаннан кейін оператор абоненттің келісімінсіз қызметтің қосымша көлемі үшін ақы ала алмайды», - деп жазылған хабарламада.

Сонымен қатар ережеге «базалық тарифтік жоспар» ұғымы енгізілді. Бұл тариф абоненттік төлемді талап етпейді, тек нақты пайдаланған минут немесе SMS санына ғана төлем жасай отырып, қоңырау шалуға және SMS жіберуге мүмкіндік береді.

Серіктес жаңалықтары