Қоғамдағы күрделі мәселелер ашық талқылануы керек
Сенатор Марат Қожаев Талғардағы жасөспірімнің өліміне қатысты сот отырысы ашық өту керек пе деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Бұл жағдайда істі Ішкі істер министрі, прокуратура бақылайды. Сондықтан, менің ойымша, іс бойынша заңдылық, объективтілік, тергеудің толықтығы қамтамасыз етіледі», - дейді ол.
Марат Қожаевқа журналистер тағы да «сот отырысын ашық өткізу керек пе?» деген сұрақ қойды. Себебі қоғам соны талап етіп жатыр.
«Ашық сот... Мен қоғамдағы осындай мәселені ашық түрде талқылау керек шығар деген ойдамын», - деді Марат Қожаев.