Ақтөбе қаласының жастар ресурстық орталығы «Жастарға кеңес» жобасын жалғастырып келеді
Бір айдың ішінде осындай сегіз шара өткен

«Ақтөбе қаласының жастар ресурстық орталығы» ұйымдастыруымен жыл басынан бері «Жастарға кеңес» жобасы өтіп келеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy аймақ әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.
Жобаның мақсаты - жастардың бойында патриоттық сезім мен рухани тәрбиені қалыптастыру, ұлттық құндылықтарды дәріптеу, құқық бұзушылық пен нашақорлықтың алдын алу, буллинг пен лудоманияға қарсы иммунитет қалыптастыру және ерте жүктіліктің алдын алу.
2024 жылдың қыркүйек айында 8 рет «Жастарға кеңес» жобасы өтті. «Жастарға кеңес» жобасы ер балаларға бөлек, қыз балаларға бөлек өтеді.
Ер балаларға арналған кездесу Ақтөбе автожол колледжінде, Ақтөбе құрылыс-монтаж колледжінде, Ақтөбе көлік, байланыс және жаңа технологиялар колледжінде және Ақтөбе өнеркәсіптік технологиялар колледжінде ұйымдастырылды.
Кездесуге қалалық мәслихат депутаты Абай Дидарұлы, қалалық прокуратураның қоғамдық мүдделерді қорғау бөлімінің прокуроры Самжами Санатұлы , РӘҚ «Қазақстанның әкелері» Республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Амангос Кулов, «Ақтөбе облысының Таулы Қарабах ардагерлерi одағының» төреғасы - Толыбай Дюсенбаев және қалалық прокуратураның бөлім прокуроры - Ануар Алдаберген, ҚР Ауған соғысы ардагерлерінің орталық кеңесінің төрағасы Марат Қойлыбаев, ПБ Алматы ауданы № 3, полиция капитаны Жандос Ешманов және мұнай саласының маманы Өмірсерік Таяуов қатысты.
Қыз балаларға арналған кездесу А.Жұбанов атындағы Ақтөбе музыкалық колледжінде, Кеңес одағының батыры М.Мәметова атындағы Ақтөбе медициналық колледжінде, Бопай ханым атындағы жоғары медициналық колледжде, Ақтөбе жоғары гуманитарлық колледжде және «Болашақ» көпсалалы колледжінде өтті.
Кездесуге Ақтөбе қаласы прокуратурасының қоғамдық мүдделерді қорғау бөлімінің прокуроры - Самжами Санатұлы, «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының жеңімпазы - Мағауия Игизбаева, Медиатор, ҚР ең үздік әйелі орденінің иегері - Бибігүл Әбдішүкірқызы, ювеналдық полиция инспекторы, полиция аға лейтенанты - Жумагуль Курмангазина, Қазақстанның Мәдениет саласының үздігі, «Шолпы» қоғамдық қорының басшысы, Республикалық «Ана» журналының редакторы - Алмагүл Сарыбай мен «Отбасын қолдау орталығы» КММ басшысы - Бибігүл Қалел қатысты.
Жалпы қыркүйек айында «Жастарға кеңес» жобасында 1100-ге тарта қала жастары қамтылды.
«Ақтөбе қаласының жастар ресурстық орталығы» сондай-ақ бірқатар қайырымдылық науқандарына мұрындық болған.
«Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің» деген ұстанымды ұстанатын Ақтөбе қаласының жастары қашанда қайырымдылық көрсетіп, қол көмектерін беруге асық.
Жалпы орталықтың ұйымдастыруымен «Ардагерлерді ардақтайық» акциясы өтті. Халықаралық қайырымдылық күніне және Отбасы күніне орай қыркүйек айында 4 рет қайырымдылық іс-шарасы өтті.
Қайырымды іспен айналысу сынды ізгі амал жасауды азаматтық парыз санайтын жастар қарт кісілердің ауласын тазалап, бау-бақша жұмыстарына атсалысты. Қиналған кезінде қамқорлыққа бөленген қарт кісілер қол ұшын созған жастарға алғыстарын айтып, батасын берді.
1 қазан - Халықаралық қарттар күніне орай Ақтөбе қаласының жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Қарттарын қадірлеген ел ардақты» тақырыбында концерттік іс-шара өтті.
Өмірдің бұралаң жолында, даналық соқпағын қалдырған қарттарымызға мерекелік көңіл күй сыйлау, жастарды үлкенді сыйлап тыңдай білуге, ұлттық құндылықтарды насихаттауға үндейтін бұл шарада белсенді қала жастары ән айтып, домбыра шертті.
Орталық басшысы Самғат Жанболатұлы асыл қарттарымызды мерекемен құттықтап, орталық атынан гүл шоқтарын тарту етті.