$ 510.78  576.06  6.35
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
07.10.2024, 15:55
Қоғам

Референдум өз мақсатына жетті деуге болады – депутат

Ол үкіметтің референдумнан кейінгі жұмысын қадағалауымыз керек деп санайды

Референдум өз мақсатына жетті деуге болады – депутат
Фото: AMANAT партиясы

Парламент Мәжілісінің депутаты Мұқаш Ескендіров АЭС салу туралы референдум өткізіп, оның оң нәтижесіне қол жеткізу елде өндірісті дамытуға жасалған алғашқы қадам екенін айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Депутаттың пікірінше, референдумда қазақстандықтардың АЭС құрылысын қолдап, дауыс бергені – өңірлерде жүргізілген үгіт-насихаттың жемісі.

«Референдум өз мақсатына жетті деп айтуға болады. Мұның барлығы соңғы 1-1,5 айдың көлемінде жүргізілген үгіт-насихаттың жұмысы деп ойлаймын. Себебі былтыр мемлекет басшысы референдум туралы алғаш айтқанда қызу талқылау болды деп айта алмаймын. Бірақ соңғы бір-бір жарым айда мен өзім де мәжілістің депутаты болғаннан кейін бұл жұмысқа қызу қатыстым. Өзім өндірісте өмір бойы жұмыс істегеннен кейін, көзқарасымды Қазақстан жұртшылығына түсіндіруге тырыстым. Референдумның алдын ала қорытындысы соның нәтижесі деп ойлаймын», - деп пікір білдірді Ескендіров.

Мәжілісмен оңтүстік өңірде энергия тапшылығы басқа өңірлерге қарағанда қатты сезілетінін атап өтті. Сондықтан, оның ойынша, халықтың елімізге АЭС қажет деп дауыс беруі – дұрыс шешім.

«Мені Қазақстандағы өндірістің дамуы, болашағы алаңдатады. Сондықтан мен мұны бірінші қадам деп айтамын. Әрине, оның бәрін іске асыру үшін ұзақ уақыт керек. Үкімет мүшелері, салалық министрліктер қалай жедел жұмыс істейді, енді соны қадағалауымыз керек. Бұл қағаз жүзінде қалып кетпеуге тиіс. Сонша халықты дүрліктіріп, ертең мардымсыз жұмыс істесек, ол дұрыс болмайды. Сондықтан осындай қадамға барғаннан кейін нақты нәтижеге жұмыс істеуіміз керек деп ойлаймын», - деді халық қалаулысы.

Естеріңізге салайық, 6 қазанда елімізде АЭС құрылысы жөнінде республикалық референдум өтті.  Орталық референдум комиссиясының алдын ала қорытындысы бойынша дауыс берген қазақстандықтардың 71,12 пайызы АЭС-ті қолдаған.

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#АЭС #референдум