Бозанбай ауылында бүркітшілердің отбасы дауыс берді

Azattyq Rýhy

Шығыс Қазақстандағы Маркс Нажитбанның әулеті құсбегілікпен шұғылданады

Бозанбай ауылында бүркітшілердің отбасы дауыс берді
Фото: ШҚО әкімдігі

Шығыс Қазақстан облысы Бозанбай ауылында тұратын Маркс Нажитбан есімді құсбегінің отбасы референдумға қатысып, дауыс берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Айта кетейік, елімізде жыл сайын «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы өтеді. Аймақ-аймақта байқаудың іріктеу кезеңдері өтіп жатыр. 2024 жылы аудандық кезеңнің нәтижесінде Бозанбай ауылынан шыққан Нажитбан отбасы жеңімпаз атанып, облыстық байқауға жолдама алған болатын.

«Нажитбандар отбасында 9 адам бар.  Отағасы Маркс Нажитбан жылдар бойы құсбегілікпен айналысып келеді. Бұл көне кәсіпті ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп, бүгінде өзі ғана емес, балалары да осы өнерді жалғастырып отыр. Нажитбанның жұбайы Олшан Шакерман – жеке кәсіпкер», - деп хабарлайды ШҚО-ның әкімдігі.

Дереккөзге сүйенсек, отбасының үлкен қызы Ақжан Маркс «Айтас» құс фабрикасында жұмыс істейді, ал ұлы Бақмерей Маркс жекпе-жек күресінде бірнеше жүлдеге ие болған спортшы. Кенже қызы Асылы ауылдың орта мектебінде 3-сыныпта білім алып жүр. Отбасының ортаңғы балалары – Бақжан мен Айзере, бала кездерінен бастап құсбегілікке қызығушылық танытып, әкесінің жолын қуып келеді. Әсіресе Айзере бірнеше республикалық бүркітшілер байқауының жүлдегері атанып, өзінің осы саладағы шеберлігін дәлелдеді.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.