«Алаш арыстары» келді: Маңғыстауда әртістер ерекше кейіпте дауыс берді

Автор: Azattyq Rýhy

Бүгін драма театр «Аманат» спектакілін сахналайды

Фото: Маңғыстау облысы ӨКҚ

Маңғыстаудағы референдум учаскесінде Міржақып Дулатов, Әлихан Бөкейханов, Жүсіпбек Аймауытов, Сәкен Сейфуллин, Шәкәрім Құдайбергенұлы, Мұстафа Шоқай, Жалау Мыңбаев сынды алаш арыстарының образын сомдаған актерлар дауыс берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпаратына сүйенсек, бүгін 6 қазан күні Алаш арыстарына арналған «Аманат» спектакілі сахналанады.

«Ұлт көсемдерінің кейіпіндегі әртістер сайлау учаскелерін аралап, тарихи тұлғалардың өнегесін паш етті. Сайлау учаскелерінде Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Әлихан Бөкейханов, Жүсіпбек Аймауытов, Сәкен Сейфуллин, Шәкәрім Құдайбергенұлы, Мұстафа Шоқай, Жалау Мыңбаев сынды ұлт қайраткерлерінің және өкпе жыр жүйрігі Сүгір жырау Бегендікұлының кейіпіндегі өнер өкілдері елдің саяси бағдарын айқындайтын маңызды науқанға қолдау көрсетті», - деп жазды өңірлік коммуникациялар қызметі.