Халық әртісі Роза Рымбаева референдумда таңдау жасады

Azattyq Rýhy

Әнші бұл күні қазақстандықтар үшін тарихи дата деп атады

Халық әртісі Роза Рымбаева референдумда таңдау жасады
Фото: өңірлік коммуникациялар қызметі

Қазақстанның халық әртісі, танымал эстрада әншісі Роза Рымбаева Қазақстанда АЭС салу мәселесі бойынша референдумға қатысты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасай отырып. 

Әнші №17 мектеп-интернатта орналасқан №387 сайлау учаскесіне барды.

Роза Рымбаева бүгінгі референдум әрбір қазақстандық үшін тарихи күн екенін атап өтті.

«Азаматтарымыздың референдумға қатысуы – Қазақстанның болашағын түсінудегі маңызды қадам. Бүгін әрқайсымыз өз ұстанымымызды айта аламыз», - деді ол.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін Қазақстан аумағында АЭС салу мәселесі бойынша республикалық референдум өтіп жатыр. Алматы әкімі Ерболат Досаев жұбайымен бірге №48 мектеп-лицейінде №388 референдум учаскесіне келіп, алғашқылардың бірі болып дауыс берген болатын. Қаладағы сайлау учаскелері сағат 20:00-ге дейін жұмыс істейді.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.