БҚО-да су тасқынынан кейін жаңа үй алған азаматтар референдумға белсенді қатысып жатыр

Azattyq Rýhy

Олар «пікіріміз әр қилы болса да, дауысымыз маңызды» дейді

БҚО-да су тасқынынан кейін жаңа үй алған азаматтар референдумға белсенді қатысып жатыр
Фото: БҚО әкімдігі

Батыс Қазақстан облысында су тасқынынан зардап шеккен азаматтар өзара жаңа көрші атанып жатыр. Бүгін олар референдумда ұйымшылдық танытып, учаскелерге бірге келген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

БҚО әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, көктемгі су тасқыны елді алаңдатқан. БҚО-ны да алапат тасқын айналып өтпегені анық.

«Біраз жерлесіміз жалғыз баспанасынан айырылып, көп ағайын эвакуациялық пунктерді паналаған кез әлі де елдің есінде. Осындай қиын шақта халықпен бірге болған мемлекет басшысы тасқыннан зардап шеккен әр тұрғын көмексіз қалмауы керек деген тапсырма берді. «Үйсіз қалған ағайынның ешбірі далада қалмасын» деген президент тасқын соққан әр облыста баспана салынып, үйінен айырылған отандастарымыздың әрқайсына қамқорлық көрсетуді мықтап тапсырды. Осыдан бірнеше ай бұрын үйінен айырылып, қиын жағдайға тап болған жерлестеріміз осы күні жаңа үйлеріне қоныстанды. Оралдағы Зачаганск кентінде орналасқан көпқабатты үйде негізінен тасқыннан зардап шеккен тұрғындар тұрады. Олар кенттегі Ә.Молдағұлова атындағы №38 мектеп-лицейінде орналасқан учаскеде дауыс берді. Топан су көрші қылған ағайын осы күні баспананы емес, ел тағдырына қатысты мәселелерге алаңдайды», - деп хабарлайды облыс әкімдігі.

Сондай тұрғындардың бірі Серік Есенгелдиев көктемде баспана қайдан аламын деп алаңдағанымен, қазір көңілі жай тапқанын айтады.

«Көктемде үй қайдан аламыз деп алаңдап жүрген едік. Үкіметтің, президенттің тікелей қадағалауының, облыс басшылығын уақытылы атқарған тиісті жұмысының арқасында үйлі болдық. Енді елдің мәселесіне араласар уақыт келді. Отбасымызбен, тасқын татуластырған көрші-қолаңымызбен бірге дауыс беруге келдік. Пікіріміз әрқилы болса да даусымыз маңызды екені қуантады»,-дейді Серік Есенгелдиев.

Су тасқыны кезінде баспанасы бүлінген тұрғындардың бірі –  Анна Сидорович. Саяжайда орналасқан жалғыз баспанасынан айырылғанда Аннаның алғашында қатты алаңдағаны рас. Алайда облыс басшылығының іскерлігінің арқасында жақында оған қала аумағынан су жаңа баспана берілді. Жеке бастың гөрі елдің мәселесін жоғары қоятын Е.Орақбаев №23 жалпы орта білім беретін мектепте орналасқан сайлау учаскесінде дауыс берді.

«Бүгінгі референдумның маңызы жоғары. Бұл мәселе кез келген тұрғынды алаңдатуы тиіс деп есептеймін. Себебі, жарықсыз мына өмірді елестету мүмкін емес»,-дейді қала тұрғыны.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.