Астана тұрғындары референдум учаскелерінде кезекте тұр

Автор: Темірхан Айжан

Оладың ішінде жастардың қарасы көп 

Фото: Астана қаласының әкімдігі

Елорда тұрғындары референдумда дауыс беруге көптеп келіп жатыр. Олар өздерінің азаматтық ұстанымдарын білдіру үшін кезекте тұр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Астанада атом электр станциясын салуға қатысты референдумға келіп жатқан халықтың қарасы көп.

Учаскелерде музыка қосылып тұр, адамдардың біразы бүкіл отбасымен дауыс беруге барып жатыр. Бүгінде Астана учаскелерінде өзінің азаматтық ұстанымын білдіруге бел буған жастардың саны да едәуір көп.

Айта кетейік, Астанада 460 учаске жұмыс істейді, оның 352-сі ашық, 34-і жабық, 74-і дипломатиялық өкілдіктер мен елшіліктерде орналасқан.