$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
13.05.2020, 10:09
Қоғам

Шиелі ауданында КВИ жұқтырған барлық науқас айығып шықты – БАҚ

Ауданда қауіпті вирус жұқтырған 66 науқастың барлығы жазылып шықты

Шиелі ауданында КВИ жұқтырған барлық науқас айығып шықты – БАҚ
фото: карантинге жабылған Төңкеріс ауылдық округі

Кеше Қызылорда облысында коронавирустан тағы 3 адам сауығып шығып, аймақ бойынша жазылған науқастардың саны 172 адамға жетті. Бұл туралы kyzylorda-news.kz порталы хабарлады.

Індеттен айыққандардың қатарына соңғы қосылған науқастар – Қызылорда қаласы мен Шиелі ауданының тұрғындары. Осылайша, Шиелі ауданында қауіпті вирус жұқтырған 66 науқастың барлығы жазылып шықты.

«Облыста сауыққандар саны 172 адамға жетті. Жазылып шыққан науқастардан тағы 2 рет сынама алынып, бәрі теріс нәтиже көрсеткен. Олар алдағы 14 күнде дәрігерлердің бақылауында болады», - делінген ақпаратта.

Еске сала кетейік, 9 сәуірде Шиелі ауданы Төңкеріс ауылдық округінің орталығы Шеген Қодаманов ауылы эпидемия ошағына айналып, коронавирус жұқтырғандардың қатары күрт көбейген еді.

Серіктес жаңалықтары