Қызылордада велоспортшы дауыс беруге шәкірттерін ертіп келді

Автор: Темірхан Айжан

Олар спорттық дайындық барысында жүрген 

Фото: скриншот

Қызылордада велоспортшы референдум учаскесіне оқушыларын ерте келді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Түркістан облысы, №2 Түркістан қалалық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің велоспорт бойынша жаттықтырушы, әлем кубогының жеңімпазы Олжас Баембаев шәкірттерін ертіп келіп, референдумда дауыс берді.

Айта кетейік, Орталық референдум комиссиясының дерегінше, сағат 10.00 дейін Түркістан облысында дауыс беруге құқылы азаматтардың 18:56%-ы өз таңдауын жасаған.