Бұзақы мас болған
Астанада көпқабатты үйдің домофонын бұзып, тұрғындарға шығын келтірген ер адам ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Оқиға таңғы сағат 06:44-те болған.
«26 жастағы ер адам мас күйінде домофонды кірпішпен бұзып, үйдің тұрғындарына шығын келтіргені анықталды. Құқықбұзушының заңсыз әрекеті бейнекамераға түсіп қалған. Ер адам алкогольді көп ішкенін мойындады және пәтерінде кілтін ұмытып кеткендіктен кіреберіске кіре алмағанын айтты», - дейді Астана қаласының полиция департаменті.
Кінәлі адамға қатысты әкімшілік хаттама толтырып, ол уақытша ұстау камерасына қамалды.
Сот шешімімен басқа біреудің мүлкіне қасақана зақым келтіргені үшін қала тұрғыны 10 тәулігін қамауда өткізеді.