$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Дауыс беруге екі адам кіре ала ма? - Референдум комиссиясының жауабы

Бір жағдайда ғана дауыс беруші басқаның көмегіне жүгіне алады

Дауыс беруге екі адам кіре ала ма? - Референдум комиссиясының жауабы
фото: www.istockphoto.com

Орталық референдум комиссия төрағасының орынбасары Константин Петров дауыс беруге екі адам кіруіне қандай жағдайда рұқсат етілетінін айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Орталық референдум комиссиясының отырысында өткен брифинг барысында Петров Конституциялық заңда әркімнің жеке дауыс беретіні жазылған дейді. Яғни, дауыс беруге жаппай кіруге болмайды.

«Мұндай ерекшелік тек дауыс берушінің өзі дауыс бере алмайтын жағдайларда болуы мүмкін. Бірақ, мұны учаскелік референдум комиссиясы жасайды. Яғни, ол көмекшіге жүгінуі мүмкін. Олар жергілікті органның лауазымды адамы, бақылаушы бола алмайды. Басқа дауыс беруші болуы мүмкін. Бұл бір ғана ерекшелік», - деп түсіндірді Константин Петров.

Еске салсақ, елімізде 6 қазанда жалпыұлттық референдум өтеді.

 

 

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#АЭС #референдум