Сот ісін жеңілдету үшін жасанды интеллектіні кеңінен пайдаланған жөн – президент

Azattyq Rýhy

Мемлекет басшысының айтуынша, сот реформасындағы келесі басымдық –цифрландыруды

Сот ісін жеңілдету үшін жасанды интеллектіні кеңінен пайдаланған жөн – президент
Фото: Ақорда

Бүгін Қазақстан Республикасы Судьяларының ІХ съезіне қатысқан президент Қасым-Жомарт Тоқаев осы саланы цифрландырудың маңыздылығына тоқталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Цифрлық технологиялар азаматтардың сот процесіне қатысуын айтарлықтай жеңілдетті. Сондай-ақ сот қызметінің барынша ашық болуын қамтамасыз етті. Елімізде арнайы ақпараттық жүйе бар. Судьялар сол арқылы басқа соттардың шешімдерімен таныса алады. Бұл – әділ сот актілерін қабылдауға мүмкіндік беретін ұтымды тәсіл. Соның арқасында ортақ мәлімет қоры қалыптасады. Бұл деректер сот процесіне қатысатын тараптың бәріне қолжетімді болуы керек. Сол кезде әркім өзіне қатысты істің нәтижесін бағамдай алады. Бұл бастама сотта қаралатын дау-дамайды азайтады. Жұрт та босқа арызданып, шағымдана бермейді. Жалпы, сот ісін жеңілдету – маңызды міндет. Ол үшін озық технология мен жасанды интеллектіні кеңінен пайдаланған жөн», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы сот ісін қашықтан жүргізу азаматтық істер бойынша аумақаралық соттылық жүйесін енгізуге мүмкіндік бергенін айтты.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.