Халықтық штаб Қызылорда өңіріне барды

Azattyq Rýhy

Олар Ысқақов атындағы құрылыс колледждінің мұғалімдерімен кездесті

Халықтық штаб Қызылорда өңіріне барды
Фото: халықтық штаб

АЭС салуды қолдау жөніндегі аймақтық Халықтық штаб өкілдері Қызылордадағы Ысқақов атындағы Құрылыс және бизнес колледжінің оқытушыларымен кездесті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Басқосуда аймақтық Халықтық штаб мүшесі Серік Дүйсенбаев елімізде білім саласында оңтайлы жаңалықтар көп екенін атап өтті.

«Байқағандарыңыздай, кез-келген сала бір орында тұрмай, ұдайы дамып келеді. Соның ішінде атом энергетикасы да бар. Мамандардың болжауынша, бүгінде елімізге керекті электр қуатының тапшылығы 3 пайызға тең.  Сәйкесінше көрші Ресейден, Қырғызстаннан электр қуатын сатып алып отырмыз. Оқытушылар әрқашан қоғамдағы өзекті мәселелердің басы-қасында жүріп, оны сараптап, зерттейді. Атом станциясы, референдум жайлы өздеріңіз онсыз да білесіздер. Келешек үшін маңыздылығынан да хабардарсыздар», - деді ол.

Кездесуде ұстаздар қауымы атом энергетикасына байланысты өздерінің пікірін білдірді.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.