Халықтық штаб мүшелері Жетісу облысындағы Айдарлы ауылының тұрғындарымен кездесті
Халық атом электр станциясына қатысты сұрақтарын қойған
Аудандық халықтық штаб мүшелері Жетісу облысы Айдарлы ауылында жергілікті тұрғындармен кездесу өткізді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Жиында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа арнаған жолдауына байланысты бірнеше маңызды мәселе талқыланды, соның ішіндеғ атом электр станциясының ұтымды тұстары мен маңызына ерекше назар бөлінді.
Кездесуде сөз сөйлеген штаб мүшесі Молот Солтанаев АЭС-тың Қазақстан экономикасы үшін қаншалықты маңызды екендігін түсіндірді. Оның айтуынша, әлемнің дамыған елдері атом электр станцияларынан тоқ көзін үздіксіз өндіріп, оны тиімді пайдаланып отыр. Қазір елімізде электр энергиясының тапшылығы байқалып отырғаны анық, ал болашақта зауыттар мен фабрикалардың көп ашылуына байланысты энергетика саласындағы жағдай күрт нашарлауы мүмкін.
Штабтың тағы бір мүшесі Алмас Тоқсанбаев өз сөзінде қазіргі таңда климаттық және экологиялық өзгерістердің орын алуына байланысты жел мен күн арқылы алынатын энергия көздерінің тұрақсыздығына назар аударды.
«Күн және жел электр станциялары ауа райы жағдайына тәуелді және тұрақты энергиямен қамтамасыз ете алмайды. Сонымен бірге экологиялық стандарттарды нығайту көмір мен газ өндіруді дамытуға шектеулер тудырады. Бұл жағдай жаңа тұрақты және экологиялық таза энергия көзінің қажеттілігін тудырады. Атом электр станциясы бұл мәселенің бірден-бір шешімі болуы мүмкін. Атом электр станциясы 60 жылдан астам тұрақты энергиямен қамтамасыз етуге қабілетті. АЭС құрылысы энергетика мен өнеркәсіп өндірісін әртараптандыруға ықпал етеді», - деді ол.
Штаб мүшесі Құсайын Илямов өз сөзінде «болашақ ұрпақтың жайлы өмір сүруін қаласақ, бұл мәселеге бей-жай қарамай, дұрыс шешім қабылдауымыз керек» деген пікірін айтты.