Көлігімнің артынан қуды - атақты 50 Сent Қазақстан халқының қылығын әзілге айналдырды (ВИДЕО)

Темірхан Айжан

Ол былтыр 30 елге саяхаттап концерт берген, оның ішінде Алматыға да келді

Америкалық репер 50 Сent атымен танымал Кёртис Джеймс Джексон III Қазақстандағы концерті туралы Стивен Кольбердің шоуында айтып берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Стивен Кольбер реперден Алматыдағы жанкүйерлерінің қалай қарсы алғанын сұрады. Оның айтуынша, қазақстандықтар оны Майкл Джексонның өзі келгендей қарсы алып, тіпті машинасының артынан қуған. Репер жанкүйерлерінің өзін керемет әншіге ұқсатып қарсы алғанына риза болды.

«Керемет болды. Олар тіпті менің Майкл Джексон емес екенімді білмейді... Олар Майкл Джексонның өзі келгендей машинаның артынан қуды», - деп жауап берді ол.

Оның әзіліне шоудың қонақтары жамырай күлді.

Репер 50 Сent Get Rich or Die Tryin’ және The Massacre албомдарынан кейін танымалдылығы артып, әлем бойынша олардың 40 миллион данасын сатқан.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.