Алматы марафонында болмайтын адамнан су ішкен қырғыз спортшысы жүлдесінен айырылып қалды

Аягөз Құрмаш

Айнуска Қалилқызының нәтижесі жойылды 

Алматы марафонында болмайтын адамнан су ішкен қырғыз спортшысы жүлдесінен айырылып қалды
Фото: видеодан скриншот

Қырғызстаннан келген спортшы Айнуска Қалилқызы Қазақстандағы халықаралық жарыстағы жеңісінен айырылып қалды. Өйткені, ол велосипедпен келе жатқан қыздардан су алып ішкен,  деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Айта кетейік, Almaty marathon жарысы биыл 29 қыркүйекте өткен болатын.

Марафонның басында Қалилқызы бәрін басып озып, 8,8 шақырымда украиналық Мария Мазуренкодан 25 секунд алда келе жатты. Осылайша, ол жарыста бірінші, ресейлік спортшы екінші келген еді. Ал Беларусь спортшысы Светлана Куделич 2 минуттан астам артта қалып, төртінші орынға ие болған. Марапаттау рәсімінде Қалилқызы тұғырға шығып, жеңімпаздың сыйлығы мен ақшалай жүлдесін иеленген. 

Алайда, марапаттау рәсімінен кейін біраз уақыт өткен соң марафон ұйымдастырушыларына бір адамнан шағым түскені белгілі болды. Қарау қорытындысы бойынша Қалилқызының нәтижесі жойылғаны белгілі болды. Қырғызстаннан келген спортшы жүгіру кезінде велосипед мініп жүрген маршаллдан бірнеше рет су алғаны белгілі болды.

Жарыс регламентіне сәйкес, ресми тамақтану пунктінен басқа жерде тамақ немесе су алған спортшы дисквалификацияланады.

Бұл эфирді Беларустан келген спортшы Светлана Куделичтің жеке жаттықтырушы мен күйеуі тамашалаған. Наразылық танытқан да осы адамдар екені белгілі болды. Наразылықтан кейін оның әйелі 4-тен 3-орынға шығып, құрмет тұғырынан табылды. Қырғыз тарапы да наразылық білдіргісі келгенмен, Қалилқызының әрекеті жарыс ережесіне мүлде қайшы еді. Сондықтан, ол жүлдесін Ресейден келген спортшыға тапсырды.

 

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.